Ділназ-ЖЕҢІМПАЗ.
12.04.20197-12 сәуір аралығында Украина мемлекеті, Киев қаласында өткен Еуропа елдерінің қыздар арасындағы халықаралық математикалық олимпиадада (EGMO-2019) 9-сынып оқушымыз Уалиева Ділназ -Қола медаль иегері атанды. Аталған олимпиадаға әлемнің 50 мемлекеті қатысты. Бірнеше күнге созылған жарыста 11-сынып оқушыларымен бақ сынап, Дильназ үлкен нәтиже көрсетті. Дильназды республикалық, халықаралық жарыстарға баптап жүрген ұстазы-Хазез Мейрам мектебіміздегі үздік мұғалімдердің бірі. Қазақстанның намысын қорғаған намысты қызымызға және жетекшісіне бұдан да үлкен табыстар тілейміз!
Community discussions
Обсуждений не найдено
