Халықаралық балалар кітабі күніне орай мектебіміздегі іс-шара

05.04.2019

Көгілдір көктеммен көңілге қуаныш сыйлап балаларға Халықаралық кітап мерекесіде келіп жетті. Кітап оқуға жаңа құмар балалар мерекесі қызықты оқиғалар мен әдеби жаңалықтарға толы тосын сыйлармен басталды. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Осыған орай № 58 мектеп - гимназиясының 7 а, б, г, д - сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында "Кітап мекеніндегі мереке" атты Библио-кафе өтті. Кітапханашы Айтмағанбетова Сағила Мерекеқызы Халықаралық кітап мерекесінің шығу тарихы туралы қысқаша әңгімелеп берді. "Кітап еліне саяхат" көрмесіне қойылған кітаптарды тамашалады. Әр сынып өздері сынып болып оқыған кітаптарынан түрлі әдіс тәсілдермен тағамдар ретінде (сиқырлы торт, смузи, тәтті десерт, жеміс шырыны) ұсынылды. Ерекше жасақталған кітап кафесі жас оқырман дарды таңғалдырып, олардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра түсті.










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено