Қызықты көктемгі демалыс

26.03.2019

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары көктемгі демалыста  MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығына барды. MEGA Silk Way орталығы  сауық-сайран мен қуаныш әлеміне саяхат  жасайтын орын деп айтуға болады. Оқушылар  балалар алаңы мен аттракциондарда армансыз ойнады. Ұл-қыздардың демалысын дұрыс ұйымдастыра білген, қызығушылықтарын арттырып, шығармашылықтарын дамытқан мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге ата-аналар  алғысын жаудырып, ризашылықтарын білдірді. Ойын сауық орталығында тыныққан балалардың көңіл күйлері өте жоғары деңгейде болды. Демалыс бойы саяхат кезінде көрген қызықтарын бір-бірлерімен бөлісіп, айтып жүретіндері сөзсіз. Әр үйдін көз қуанышы болып жүрген балалар аман болсын демекпіз...









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено