Наурызым-мерекем, құт берекем!

04.04.2019







«Наурыз» мерекесінің қарсаңында 4 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі Хон Алена Вилорийқызымен бірге 2 Балалар кітапханасында өткен «Наурызым-мерекем, құт берекем!" атты іс-шараға қатысып қайтты. Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы көптеген мағлұматтар айтылды, Наурыз көже мен бауырсақтар таратылды. Настя Башарина және Оля Похлебина «Бипыл» әнін орындаса, Настя Чусовитина мен Медина Шалкарбаева «Қара жорға» биін биледі, ал Гранковская Елизавета «Наурыз» өлеңін оқыды. Жарайсыңдар! Аталмыш іс-шара балаларға өте қатты ұнады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено