Астана қаласы №4 мектеп-гимназиясында дабыл қағылды.
06.03.2019 Бүгін 06.03.2019 жылы Астана қаласы №4 мектеп-гимназиясында сагат 11.00 де дабыл қағылды. Астана қаласының департаменті біздің мектепті өрт қауіпсіздік ережелерімен және өзін өрт кезінде қалай ұстау керек екенімен таныстырды. Өрт туындамау үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Мысалға жарамды электр құрылғыларын қолдану, разеткалармен ойнамау, үлкендерсіз жанғыш сұйықтықты қолданбау, отпен ойнамау керек. Екіншіден өрт шыккан кезде оның алдын алу шараларын ұсынды. Өрттің көлемі кішкентай болса крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіру; ал егер өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айту; далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығу қажет. Өрт кезінде істеуге болмайтын шараларға келетін болсақ. Мысалға қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды; терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды, таза ауа отты өршітеді; қатты қорқуға болмайды. Өрттен зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек қөрсету қажет. Мысалға 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақыру; күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды; Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет. Ең бастысы Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің нөмірлерін жатқа білу керек. Мысалы
- Өрт сөндірушілер – 101
- Полиция – 102
- Жедел жәрдем – 103
- Газ апатынан құтақру қызметі – 104
- Құтқару қызметі – 109
Өрттен абай болайық!!!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Community discussions
Обсуждений не найдено





