Бүгін мектебізде кластер жұмысының жоспарына сәйкес "Ең үздік жас маман 2019" байқауы өтті

05.03.2019

Бүгін мектебізде кластер жұмысының жоспарына сәйкес "Ең үздік жас маман 2019" байқауы өтті. Байқауға кластераралық яғни, 54МЛ, 64МЛ, 42ОМ, 57ОМ осы мектептерден еңбек өтілі 3жылға дейінгі 2 жас маманнан қатысты. Мұғалім -тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына өнер, білім мен ізгілік нұрын себуші -ұстаздардың қолында дегендей, бүгінгі жас мамандар байқауына қатысқан әрбір жас маман өзінің жанып тұрған жұлдыз екенін танытты. Өздерін шығармашылық тұрғыда таныстырып, байқаудың барлық кезеңінде өз ерекшеліктерін көрсетіп, бар өнерін ортаға салып, көрермендерді тәнті етті. Үй тапсырмасына берілген лепбукты әр мұғалім өзінің жаңалығын енгізе отырып, үлкен шығармашылық жұмыс көрсете алды. Өз өнерін көрсетіп, жан жақты, сегіз қырлы, бір сырлы қасиеттері ашылып, талантты да шығармашыл екендерін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша 1орынды 64МЛ бастауыш сынып мұғалімі Ахмиева Альмира Зуфарқызы, 2орынды 57ОМ бастауыш сынып мұғалімі Азимханова Азиза Абдурашидқызы, 3орынды 64МЛ биология пәні мұғалімі Жылқыбаева Әсем Жұмабекқызы жеңіп алды. Сонымен қатар жас мамандар "Эрудит жас маман", "Шығармашыл жас маман", "Креативті жас маман" т. б. номинациялармен марапатталды.

sfsdfs

sfdsd

dgdg



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено