«Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы бойынша жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтың лирикалық өлеңдері жыл кітабы атанды.
28.02.2019«Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы бойынша жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтың лирикалық өлеңдері жыл кітабы атанды.
28 ақпанда аталған акция аясында кітапхана меңгерушісі Шаймерденова Әмина Қазбекқызы мен қазак тілі және әдебиет мұғалімі Сауранбаева Гүлбану Амантайқызының жетекшілігімен мектеп кітапханасында 5-8 сынып оқушыларының қатысуымен «СЫР СҮЛЕЙІ, ЖЫР ДҮЛЕЙІ - ӘБДІЛДА» атты Әбділда Тәжібаевтың оқулары өткізілді. Оқушылар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы бейне материалдар көріп, Ә.Тәжібаевтың халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған көптеген өлеңдерін оқып берді. Кітапханада тақырып төңірегінде кітап көрмелері ұйымдастырылып, слайдтар көрсетілді.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Аманбаева Диляра (7 «ә» сын.), 1-орынды Тұяқ Аружан (5 «ә» сын.), ІІ-орынды Альмахан Нұрай, Байжұманова Жанель (5 «ә»,7 «ә» сын.), ІІІ-орынды Саматова Ботагөз, Жекей Диана, Карменова Аружан, Балғабаев Дамир (5 «ә»,6 «ә»,7 «ә» сын.) иеленді.
Community discussions
Обсуждений не найдено
