«Ashyq esіk» kúnі
21.02.2019 № 68 мектеп – гимназиясының мектеп әкімшілік мүшелері арнайы I қабат дәлізінде ата – аналарды қабылдады. «Ашық есік» күнгі ата – аналардың өтініші жазбаша және ауызша түрде өтті. Барлығы 32 ата – ана келді. Онда 16 ата – ана сенбі күні келе алмайтынын айтып, алдын ала 8 ақпан күні келіп «Қорғау – Астана» қоғамдық қорынан келген заңгер Бурумбаева Гүлбагда Кенесқызымен кездесіп әлеуметтік педагог алдында түрлі сұрақтарға жауап алды. Қандай құжатпен қалай жұмыс істеу керектігі түсіндірілді. Ал 16 ата – ана 16 ақпан күні сағат 09:00 ден келіп өз өтініштерін білдірді. Оның ішінде 21 ата – ана көп балалы ата – аналар қатарынан болды. Өтініш негізі тегін тамақ, қосымша үйірме, сабақтарға тегін қатыстыру, азақ – түлік, киім сұрады. Берілген өтініш негізі жазбаша тіркеліп, сынып жетекші мен әлеуметтік педагог және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар арнайы іс – шараны жүзеге асырды. «Шұғыла» қосымша білім беру орталығына тіркеп, тегін үйірмелерге қатыстыру міндеттелді.


Community discussions
Обсуждений не найдено
