«Ашық есік» күні

16.02.2019

Ақпан айының 16-сы күні сағат 9.00-ден бастап  № 48 мектеп-лицейде мектеп басшылары азаматтарды жеке қабылдау күнін өткізді.  Мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімді насихаттау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту. Мектеп директоры Зауре Жақанқызы бүгінгі  мектептің тыныс-тіршілігі мен болашақтағы жоспарлары туралы айтып өтті. Ата-аналар ұйымдастырылған іс-шараға келіп, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша ақпарат  алды. Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани  ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту-мектептегі ұстаздар қауымының басты  міндеті. «Көкірек көзін оята тәрбиелеу» — ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салыстыратын жауапты  міндеттің ең бастысы екені сөзсіз...

 





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено