«Шеңбер» ашық диалог алаңы 2018-2019 оқу жылы ІІ оқу тоқсаны бойынша ата-аналарға арналған
26.01.2019Өткізілу күні: 26.01.2019ж
Өткізілу уақыты: 09.00-14.00
Өткізілу орны: 1-қабат фойе
Қатысушылар: бірлестіктің пән мұғалімдері, үйірме, факультатив жетекшілері
Қамқоршылық кеңес, жалпы ата-аналар комитеті
Мақсаты: пән мұғалімдерінің ата-аналармен ашық сұхбат жүргізуі.
Ата-ана мен мұғалім арасында оқушының оқуын талдай
отырып, оны жетілдіру жолдарын бірлесе шешу.
Міндеттері:
- ата-ана мен пән мұғалімі арасында диалог жүреді
- оқушының білімін, қызығушылығын, қабілетін өзара талқылайды
- ата - аналардың қызығушылық басымдылықтарын білу;
- қалай оқыту керек екендігін бірлесе шешудің жолын қарастырады
- оқушының дамуына бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
Пән мұғаліміне қойылатын талаптар:
- Пән бірлестіктері бойынша отыруы;
- Пәннің атауы, сабақ беретін сыныптары, пән мұғалімінің аты-жөнінің жазылуы;
- Ата-анаға таныстыратын деректері: оқушының қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, жиынтық бағалау жұмысы;
- Пән мұғалімімен ашық диалогке келген ата-аналарды өзіне тіркеу,
- ұсыныстарын жазбаша алу.
Ескеру:
- 1-4 сынып жетекшілерінен басқа 1-11 сыныптарға сабақ беретін барлық пән мұғалімдерінің қатысуы міндетті.
- Бірлестік мұғалімдері алдын ала парта, орындық орындарын дайындау және жиналыстан кейін қайта жинап кету.
Хаттама
Community discussions
Обсуждений не найдено
