"ЛАБИРИНТ" БАҒДАРЛАУ ЖАРЫСЫ

05.01.2019

Бүгін 2019 жылдың 5 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың қысқы демалысын қызықты өткізу мақсатында жасақталған жоспарға сәйкес "Жас эколог" үйірме оқушылары және 5-7 сынып оқушылары арасында "Лабиринт" зияткерлік бағдарлау жарысы өтті.
Аталған жарыс ережесіне сай оқушылар лабиринт арқылы жасырылған кп-ларды тауып берілген сұрақтарға жауап берді. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жүлделі ІІІ орын А.Қырықбаева, ІІ орын Ә. Сұлтан, І орынды Б. Советова иеленсе, ал ұлдар арасында жүлделі ІІІ орын Е. Рахымжан, ІІ орын А.Даужан, І орынды Е. Талғатбек иеленді.
Жарыс жеңімпаздарын лицей директоры Ж. Базыл және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 
Ж. Найманбаева марапаттап оқушыларды жеңістерімен құттықтады.

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено