«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалаудың тиімді ұйымдастырылуы» семинар

17.11.2018

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалаудың тиімді ұйымдастырылуы» тақырыбында  қалалық тәжірибелік семинар  өткізілді. Семинардың мақсаты: Критериалды бағалауды сабақ үрдісінде тиімді қолдану; Семинарға  Астана қаласы  Білім басқармасы,  Білім беруді жаңғырту орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығынан  қонақтар шақырылды.Сонымен қатар,  «Ізденіс» желілік қоғамдастығындағы №54МЛ, №64МЛ , №57ОМ  және №43, №44, №29   мектептердің директорлары, орынбасарлары  мен мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылуында  мектеп директоры Қалиев Серік Сабырбекұлы сөз алып,  ол ұстаздар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.

       

 Қонақтар мектебіміздегі  2018-2019 оқу жылындағы инновациялық даму мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың куәсі болды.

Гидропоникада базилик өсімдігін өсіру

 

«Аквариумда тұқы балығын өсіру»

 

 Мектеп жертөлесіндегі бастау алған жобалар

 

 Ғылым  -шексіз әлем   Робототехника.

 

Қонақтардың назарына педагог-ұйымдастырушы - Сайран Декабьрдің ұйымдастыруымен

  «Мәңгілік ел-  мұратымыз» тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бағдарламада көрсетілгендей,  ашық сабақтар өткізіліп, сабақтарда мұғалімдер  критериалды  бағалауды қолданудағы әдіс-тәсілдерінің  тиімділігін  ашып көрсете білді. Ашық сабақтарды өткізуде  жас мамандар белсенділік танытты.

Бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Жаннур Жумабаевна «Менің отбасым» тақырыбында  1 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді.

  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Турсынбекова Ляйла Раушанбековна «Астана-Опера» театры тақырыбында  6 сыныптармен  қазақ тілі сабағын өткізді.

      

 
 Тарих пәнінің мұғалімі:Тасбулатова Гулжанар Есенбековна 
«Қарахан мемлекеті»  тақырыбында 7 сыныпта.

   

«Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі; Тлекеева Газиза Токтаровна 8 сыныптармен ашық сабақ өткізіп өзара тәжірибе алмасты.



«Қосу кестесі» тақырыбында 1 «Ә» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі,жас маман  Мырзаханова Айгерім Аманжолқызы.

   

 «Times of my day» тақырыбында ағылшын тілі пәні Ерғалиқызы   Ұлмекен 3 сыныпта.

   

«Квадрат   математика  теңдеулерді   шешу » тақырыбында 8 сыныппен математика пәніңң Ибраева Ақмарал Қайратқызы.

    

 «Animal  behavior»   ағылшын тілі    Шыныбаева Ырысалды Дәлелхановна

  

 «Статистикалық мәліметтер. Microsoft  Excel» информатика  Дәнебеков Мағжан Жандосұлы

 

 «Критериалды бағалауды   орыс тілі сабағында тиімді қолдану» Шебер-сынып Бекбаева Айгуль Батырболатовна.

 
Семинарда ашық сабақ өткізген мұғалімдерді Астана қаласы Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Нуртаева Канымай Өзбекбаевна марапаттады.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено