«XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» бірінші сынып атты ата-аналарына педагогикалық-психологиялық көмек ұсыну мақсатындағы ата-аналар конференциясы
26.09.20182018 жылдың 22 қыркүйек күні 5-7-сынып ата-аналарына педагогикалық және психологиялық көмек көрсету мақсатында «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында Астана қаласы №49 орта мектебінде республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.
Ата-аналар конференциясында «Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері», «Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу», «Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы», «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында сөз қозғап, Қазақстанның білім және ғылым, әділет, дін істері және азаматтық қоғам министрліктері діни атрибутика киюге тыйым салу туралы жариялаған бұйрықтарымен ата-аналарды таныстырды. Тақырыпқа сай видеолар мен слайдтар көрсетіліп, ата-аналар арасында өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында тренинг өткізілді.


Community discussions
Обсуждений не найдено