«Тіл - халықтың күретамыры»

05.09.2018

Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназияда 05.09.2018ж.  Қазақстан халқы тілдерінің ХХ қалалық фестивалі аясында «Тіл - халықтың күретамыры» атты апталық басталды. Апталықты мектеп-гимназия директоры Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Мектептің акт залында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Сапарбаева Раушан Тәжібайқызы, Түбекбаева Баян Мырзатайқызы, Әбдікәрімова Шынар Әбдікәрімқызы ұйымдастырған алғашқы іс-шарада Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі 21 қыркүйектен 5 қыркүйекке ауыстырылуының себебі түсіндіріліп, тіл, сөз құдіреті, ана тілінің қадірі дәріптелді, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» және ұлт көсемі А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың білімдері сыналды.

11-сынып оқушысы Калиакпаров Бекзат Алаш алыбы Ахмет Байтұрсыновтың бейнесін сомдап, жас ұрпаққа өсиет айтты. Тағылымы терең іс-шара «Қазақ тілім» әнімен қорытындыланды.

 











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено