Көңілді тапқырлар клубы
05.04.2018 2018 жылдың 4 сәуір күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында Астана қаласының 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепішілік КТК ойыны өтті.
КТК ойындары - жастардың сүйіп тамашалайтын ойын-сауық бағдарламаларының бірі. Іс-шараға 9 А, 9 Ә, 9 Б, 11 сынып оқушылары қатысты. Ойыншылар КТК-ның үлкен бір қозғалысқа айналғандығын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Оқушылар мен мұғалімдерді күлкіге қандырып, мейрам күні қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ойыншыларға алғысымыз шексіз.
Ал жүлделі бірінші орын «Ғафу шәкірттері» командасына бұйырды. Екінші орын 9 Ә сынып оқушыларына, үшінші орын 9 А мен 9 Б сынып оқушыларына бұйырды. Қоғамның өзекті мәселелерін астарлы әзілдерімен жеткізе білген оқушыларымызды жүлделерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!



Community discussions
Обсуждений не найдено
