Инновация арқылы жетістікке!

04.05.2018

Инновация арқылы жетістікке
   Астана қаласы Білім басқармасы Ұлыбритания патшалығы Лондон қаласындағы City of Westminster college және «Тұран» колледжімен бірігіп Астана қаласы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен Ұлыбритания патшалығы Лондон қаласындағы City of Westminster college және Қазақстан Республикасы Астана қаласы «Тұран» колледжінің студенттеріне арналған компьютерлік графика, анимация және web - бағдарламалау бойынша, Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ақпараттық технологиялар әлемінде» атты V Халықаралық сыртқы сайыс өткізді.
   Осы аталған сайысқа Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп оқушылары да қатысты. Бүгін сайыстың нәтижелері жарияланды. «Web – дизайн» номинациясында «Здоровый образ жизни» атты сайт дизайнын ұсынған оқушымыз Хасанов Сунат 1 орынға, ал «Жарнамалық және анимациялық ролик» номинациясында «2-сәуір-бүкіл әлемде аутизм жайлы ақпарат тарату күні» ролигімен қатысқан Алимолда Аяжан 2 орынға иеленді. Оқушыларымыздың және  ұстаздары Гульнар Габдулловна Искакова мен Нұрлан Алтайұлы Алтаевтың жетістіктеріне қуанып, үлкен шығармашылық асуларға жетуіне тілектеспіз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено