Құттықтаймыз!

23.04.2018

Қазақ тілінде оқытатын мектептер арасында өткен ІІ қалалық «Сөз-мерген» тіл танымдық олимпиадасы өтті.
 «Сөз -мерген» тіл танымдық олимпиадасының мазмұны қазақ тілінің тереңде тұнып жатқан сөз маржандары – тұрақты сөз тіркестері,көне сөздер,мақал-мәтелдерін қамтыды.
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ана тілінің қадір-қасиетін біліп,көркемдігін сезініп,сөз қадірін түсінуге баулу.
Олимпиада 3 бөлімді қамтыды.
1 бөлім. «Мықты болсаң,тауып көр»
2 бөлім. «Жүйрік болсаң,шауып көр»
3 бөлім. «Ойлы болсаң,тауып көр»
Осы олимпиадаға 4 «А» сынып оқушысы Қайсарқызы Феруза қатысты.Жетекшісі Аралова Мөлдір Тұрғымбекқызы. Феруза  сайысқа  қатысқан  барлық оқушылардан ең жоғарғы ұпайға иеленді.Қалалық сайыстан бірінші орынға иеленді.Шын жүрегімізден Ферузаны құттықтаймыз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено