Жалпы қалалық сенбілік

21.04.2018

               21-сәуір күні жалпы қалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары 5-11 сыныптар толықтай жұмылдырылды. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы оқушыларды тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғау қажет екенін айтты. Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне және техникалық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етуді директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары  Мухаметжанова Несіп Бопайқызы ұйымдастырды. Барлығы 100 мұғалім мен 800  оқушы қатысты. «Жас ұлан» ұйымының «Эко әлем» бағыты бойынша 7-сынып оқушылары Көктал кентіндегі ата-әжелерге көмек көрсетті.  Сынып жетекшілері мен мектеп ұжымы түгелдей атсалысты.

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено