Бүгінгі ғылыми жоба – үлкен ғылымға қадам

13.04.2018

2018 жылғы 13 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен №77 мектеп  базасында  «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар сайысы өтті.

         Конкурстың басты мақсаты: дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын және ақыл –ой еңбектерінің беделін арттыру, Қазақстан Ресрубликасының зерделі әлеуетін қалыптастыру.

            Осы конкурсқа №58 мектеп –гимназиясының оқушылары 3 секция бойынша макеттерін ұсынып, қорғап, жеңіске жетті.

  • «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» секциясында «Өсімдіктерді гидропоника әдісімен өсіру тиімділігі» тақырыбында 10 сынып оқушылары Бақытнұр Сұңқар мен Шоқтыбай Дана І орын жеңімпазы;
  • «Жаңартылған энергия –болашақ энергиясы» секциясында «Ракетамодельдеу мектепте» тақырыбында 11 сынып оқушысы Қаратаев Даниял –ІІ орын;
  • «Компьютер ғылымы және ІТ» секциясында «Теңдесі жоқ көлік» тақырыбында 8 сынып оқушысы Шортанбай Олжас, 10 сынып сынып оқушысы Адамов Алихан грамотамен марпатталды.

Бұл жетістіктер мектеп басшысы, п.ғ.к. Нугуманова Самал Ботахановнаның бастамасымен биылғы жылғы  мектебімізде ашылған «Гидропоника. Аэропоника», «Ракетамодельдеу» және «Робототехника» ғылыми зерттеу орталықтарының жұмысының нәтижесі.Осы  зерттеу орталықтары болашақта оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, үлкен ғылыми ізденістердің бастамасы болатынына кәміл сенеміз.

    

   




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено