Азаматтық қорғаныс күні

06.04.2018

       06.04.2018ж. №15 мектеп-лицейінде «Азаматтық қорғаныс» күні өтті.
    Бұл іс- шараның мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайда  көмек көрсетуге,  қажырлыққа, бір бірін қолдауға, жауапкершілікпен орындауға бейімделуін қалыптастыру
     Азаматтық қорғаныс күні құрылған жоспар бойынша өткізілді.
     Азаматтық қорғаныс күніне арналған конкурстар өткізілді.
     1) 1-4 сынып оқушылары арасында «Адам және апат» тақырыбында өткен суреттер сайысында 1 орын: 2 «Ә» сыныбы, 2 орын: 1 «В» сыныбы, 3 орын: 4 «В» сыныбы;
     2) 5-11 сынып оқушылары арасында «Адам және азаматтық қорғаныс» тақырыбында өткен плакаттар  сайысында 1 орын: 6 «Б» сыныбы, 8 «А» сыныбы, 2 орын: 8 «Г» сыныбы, 3 орын: 9 «Г» сыныбы;
     3) 8-11 сынып оқушылары арасында «Адам өміріндегі төтенше жағдайлар    салдары» тақырыбында өткен шығарма сайысында 1 орынды: 6 «Б» сынып оқушысы Нуриден Еңгілік, 2 орынды: 5 «Г» сынып оқушысы Жумағали Томирис, 3 орынды: 7 «В»сынып оқушысы  Шагирова Аружан жеңіп алды.
     Мектептің алғашқы әсери дайындығының мұғалімі  мектеп ұжымы мен оқушыларға «Өрт шыққанда және басқа да төтенше жағдайлар» тақырыбында дәріс беріліп, фильмдер көрсетілді.
    «Өрт шыққанда және басқа да төтенше жағдайлар» атты азаматтық қорғаныс іс-шараларына белсене қатысқан сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
     07.04. 7 сәуір  күні, сағат 8 «Б» сынып оқушылары «MEGA SILKWAY» сауда орталығында өтекін «Төтенше жағдайда не істеу керек?» атты  іс-шараға белсене қатысып, 3 орынға ие болды.















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено