Өнерлі қыз-өнегелі ана!
07.03.2018Көктемнің шуақты күнімен басталған ерекше мереке «Өнерлі қыз-өнегелі ана» байқауы 5, 6, 7- 8, 9-10 сыныптарда өз жалғасын тапты. Қыздардың көркемдік, эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында өткен іс-шара өз мақсатына жетті. Аруларымыз киім киюдегі талғамын, қонымды шаш үлгісін көрсетті. Ерекше өнер түрін көрсеткен 5 «В» оқушысы Бақыт Ақнұр, 7 «Ә» сынып оқушысы Ақмухамед Айжан, 10 «А» сынып оқушысы Әшірбай Маликаны ерекше атап өткіміз келеді.
5-ші сыныптар бойынша
Бас жүлде - 5 «В»сыныбы, анасы: Таубаева Ақтолқын, қызы: Бақыт Айнұр
6-шы сыныптар бойынша
Бас жүлде - 6 «Е»сыныбы, анасы: Аргинбаева Қарлығаш, қызы: Аргинбаева Алия
7-8 сыныптар арасында
Бас жүлде 7 «Ә»сыныбы, анасы: Нұрсапанова Гульмира, қызы: Ақмухамед Айжан
9-10 сыныптар арасында
Бас жүлде - 10 «А»сыныбы, анасы: Медешова Жанар, қызы: Әшірбай Малика
Іс-шараға қатысқан барлық аруларға,сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Байқауды өте жақсы ұйымдастырған 5 «Г», 6 «Ж», 7 «Б »9 «Б»сыныбының жетекшілері Өкенова Назым Ерболқызына, Өкмет Ақсуға. Аймақова Жанар Сейтжанқызхына, Смагулова Арай Серікбекқызына да шексіз алғыс білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей құлпыра беріңіздер!
Community discussions
Обсуждений не найдено
