«Өмірге ИЯ деп айт!»

02.03.2018

Республика бойынша «Өмірге ИЯ деп айт!» Республикалық ақпарат науқанының күндері біздің кешенімізде де жүргізілді. Кешен психологы Қожахмет Гүлдайдың ұйымдастыруымен балалардың психологиялық тексерілуін бақылап және оларға психологиялық тренингтер жүргізілді және білім алушылар арасында "Интернетте қолайлы тәртіп модельдері" туралы бейнероликтер көрсетілді. Бұндай шаралар барысында оқушыларымыздың белсенділігі байқалды. Видео тамашалау барысында сұрақтар қойылып, өз пікірлерін және бастан өткен оқиғаларын ортаға ашық, еркін түрде сала білді. Тренинг барысында жасалған тапсырмалар мен жаттығулар да балалардың қызығушылығын арттыра білді.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено