Ризамын саған-Қазақ елі

02.03.2018

     Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын белгілі. Осы орайда «Алғыс айту күні» мерекесі аясында жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді. 1-11сыныптар аралығында «Алғыс айту, ризашылдық білдіру» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Наурыз айының 1 жұлдызында 9-11 сыныптар аралығында  «Ризамын саған-Қазақ елі» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Кешті тәрбие ісі орынбасарларының басшылығымен өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары жоғары деңгейде өткізді.
     Өмірдің әрбір сәтін бағалай отырып, жақын адамдарымызға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық!!!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено