«Сапалы білім – болашақтың кепілі»
02.03.2018Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 9 «Ә» сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Сапалы білім – болашақтың кепілі» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Сыныпты ұжымдастыру, білім сапасын көтеру мәселелерін қозғай отырып, ата-аналар мен оқушыларды қатар қою арқылы проблемалық сұрақтар шешіп, ой бөлісіп, бірлескен түрде ойната отырып ойландыру жаттығуларын орындаудан құрылған ата-аналар жиналысының тың үлгісі - жас мамандарға үлгі, ата-аналарға ойындағы толғандырар сұрақтарға жауап алар орта, ал оқушылар үшін бір-бірінің отбасымен танысып, ұжымдасуға арналған көңілді сәт болды.

Community discussions
Обсуждений не найдено