"МЕКТЕБІМЕ МЫҢ АЛҒЫС" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

01.03.2018

Бүгін 2018 жылдың 1 наурыз алғыс айту күніне орай Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде "Мектебіме мың алғыс" атты мерекелік концерт болып өтті. 
Қазаққа дархан рахмет! 
Салт-санасын сіңірген. 
Жеріме байтақ рахмет! 
Таза ауа үшін сімірген! деп басталған бұл мереке "Самұрық" би ансамблінің қазақ биімен ашылды. Мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері "Аяулы-анашым" әнін хормен орындады. Сонымен қатар мерекелік шарада қазақтың салт-дәстүрімен мәдениетіне төл туынды болып келген дәстүрлі әндері домбырамын шырқалып, қобызбен күй орындалды. Мектеп директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы мерекелік шараға қатысқан оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды құттықтап арнайы дайындалған алғыс хатпен марапаттады.


  

 
 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено