"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында

23.02.2018

Бүгін №74 мектеп- гимназиясында Астана қаласы Білім басқармасы мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 8,9,10-сынып оқушыларына "Ұлттық код және туған жер" тақырыбында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Шәріп Амантай Жарылқасынұлы дәріс оқыды. Дәріс барысында туған жерге деген сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына бөленген отбасынан, алғаш қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтіп, туған жерді сүю, Отанды құрметтеу сезімдерін оятты.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено