Астана қаласы №8 орта мектебінің 2017 -2018 оқу жылындағы желтоқсан айының 6-15 аралығында өткен қоғамдық пәндер бірлестігінің апталық қорытындысы
06.12.2017
Астана қаласы №8 орта мектебінің 2017 -2018 оқу жылындағы
желтоқсан айының 6-15 аралығында өткен
қоғамдық пәндер бірлестігінің апталық қорытындысы
2017 жылы желтоқсан айының 6-15 аралығында «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты апталығы өтті.
Мақсаты – Оқушылардын зияткерлік қабілеттерін дамыту; анықтама әдебиеттерімен дағдыларын дамыту;
Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында көрген қиян – кескіндерді оқушылар өлеңдер және қара сөздер сонымен қатар көрініс қою арқылы жеткізді.
Апталық түрлі сайыстар, ашық сабақтар, желтоқсан арналған ең үздік суреттер, қабырға газеттері, сонымен қатар дебаттық сайыстар 8-9 сыныптар арасында өтті.
7.12.2017 жылы 9«ә» сыныбында «Көркем өнердің дамуы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Шотанов Қ.Т. Муканова Айзада Тонболатовна 9 «б» сыныбында «Қазақстандықтардың ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін ұстады, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды. Сонымен қатар Муканова Айзада Тонболатовна болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» дебат өткізді. Сайысқа оқушылар белсене қатысты.. Оқушылар сайыс барысында өздерін еркін ұстады, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды.Ойларын еркін ашық жеткізе білді.
1931-1933 жылдардағы ашаршылық тақырыбында Сейтхан Бейбітхан 11 «в» сыныбында ашық сабақ өткізіп, топтық жұмыстар ұйымдастырылып сабақ өз мақсатына жетті.
Түрлі әдістер пайдалану арқылы оқушылар қызығушылығын оята білді.
Табешева Маржан Кадірбекқызы 6 «Ә» сыныбына «Киіз үй» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасап, белсенділік танытты.
«Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы» атты 7 «б» сыныбында Әбіл Наташа ашық сабақ өткізді. Сабақ топтық жұмыс түрінде өтілді. Оқушылар белсенділік танытып, сабаққа қызығушылықпен қатысты
Ашық сабақтардың барлығы директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өтті. Мұғалімдер сабақ барысында жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Сонымен қатар мұғалімдер желтоқсан тақырыбына арналған ашық тәрбие сағаттарында белсенділікпен өткізе білді.
Апталық ашылуынан көрініс
Апталық барысында түрлі іс шараға қатысқан сыныптар марапатталды.
Ұсыныс: Осы өтілген ашық сабақтар қалалық деңгейде семинар немесе музейлерде өткізілсін.
Community discussions
Обсуждений не найдено
