Тоқтар Әубәкіровпен кездесу

07.02.2018

      2018 жылы  6 ақпан күні  Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясында  еліміздің  мақтанышы, есімі тарихта жазылған қазақтан шыққан  тұңғыш ғарышкер,  Кеңес Одағының  Батыры,  Халық қаһарманы, техника   ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіровпен кездесу өтті. Мектебіміздің директоры  Гамиль Мағажірұлы Шаймердинов уақыт тауып келгені үшін ғарышкерге алғыс айта отырып, бұл кездесудің маңызды екенін жеткізді.
      Кездесудің басты мақсаты қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкермен сырласып, отандық ғарыш саласының өткені мен болашағы жайлы болды.
Біз патриотизм дегенді жиі айтамыз, ал шын мәнінде сөзімен және ісімен, бүкіл жан дүниесімен патриоттықтың үлгісі деп осы Тоқтар Әубәкіровті атауға болады. « ...Биыл ғарышқа көтерілгеніме 27 жыл толады. Осынау жауапты миссиядан сүрінбей өтуіме ең басты себеп – қазақ халқының маған деген кіршіксіз құрметі  мен сенімі деп білемін.  Мен халқым үшін ұштым және сол үшін де үлкен құрметке бөлендім. Қай жерге барсам да  «Біздің батырымыз келді», «Тұңғыш ғарышкеріміз келді» деп қарсы алады. Сол кезде жүрегім қуанышқа бөленеді. Оқушылармен кездесе қалған жерде Отанымызға деген құрмет, адалдық тақырыптарында көбірек  сөз қозғағанды ұнатамын.  Тіпті алдымда 2 бала отырса да  сөйлей беруге дайынмын. Бастысы, ол екеуінің Отанға деген кіршіксіз махаббатын, адалдығын, ата-бабаларынан қалған жерге деген құрметін арттыра білсем, уақытымның босқа кетпегені деп білемін. Жалпы, адам баласы білім алуға ешқашан шаршамауы керек. Ол кішіге де керек, үлкенге де керек, » - деді Т.Әубәкіров.  
       Жоғары сынып  оқушылары  Т. Әубәкіровтің  айтқан  әңгімесін ұйып тыңдап, бірнеше сұрақтар жаудырды.  Алғыс ретінде мектебіміздің дарынды оқушылары атынан концерттік бағдарлама тарту етілді. Батырымыздың қолтаңбасын алуға жүгірген жас бүлшіршіндерде шек болмады.
       Еліміздің мақтанышына айналған, есімі тарихта қалған ғарышкер Т.Әубәкіровпен өткен кездесу өте әсерлі өтті. 11 сынып оқушылары мен  мектеп мұғалімдері кездесуден үлкен әсер алды.

     

     


     



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено