«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндіктің жабылу салтанаты
13.02.2018
Мектептің мәжіліс залында 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндіктің жабылуы 1-10 сыныптар арасында салтанатты түрде өтті. Мерекелік жиында алдымен мектеп директоры Садықова Зәуре Жақанқызы сөз сөйлеп, бұл пәннің қаншалықты маңызды екенін айта келіп, оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғыда жоғары деңгейге көтеріліп, еліміздің дамып өркендеуінде өз үлестерін қоса алатын азамат болып қалыптасуларына тілегін білдірді. Декада барысында «Ән-көңілдің ажары», «Алтын – жүрек анамыз» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқауы, «Өнеге-отбасынан», Қолдан жасалған бұйымдар, «Әлемге ғажайып ретінде қараймын» сурет сайысы, «Жүректен - жүрекке» атты мейірім жәшігі, Театрланған қойылымдар мен спектакльдер өткізіліп, осы байқауларға қатысуда аса белсенділік танытқан оқушыларға мектеп директорының атынан мақтау қағаздары берілді.




Community discussions
Обсуждений не найдено
