Елбасы кітапханасында өткен ғажайып уақыт

09.02.2018

 

Мектебіміздің 1«А» сынып оқушылары еліміздің ең маңызды мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында сынып болып «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына» барып қайтты. Алаш арысы, ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхан атындағы көшеде орналасқан бұл зәулім, әрі көркімен көз тартатын ғимараттың іші де сырт келбеті секілді ерекше екен. Мектеп табалдырығын биыл ғана аттаған кішкентай шәкірттерінің асыл ұстазы, құрметті мұғалім Айгүл Таутанқызы бұл экскурсияға сыныбын толық алып барды. 

Экскурсия кезінде №66 мектеп-лицейінің шәкірттері «Елбасы және  Астана», «Әлемдік көркем әдебиеттер», «Шахматтар», «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері» және тағы басқа залдарды экскурсоводпен бірге аралап көріп, «iDos» гид-роботпен интеллектуалды викторинаға қатысты.  Әсіресе балаларға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына сыйланған түрлі сыйлықтар залы әралуандығымен қызықтырды.

Осы шараны ұйымдастыруға ниет білдірген – ата-аналар екенін айта кеткен жөн. Ринат Мұхаметқалиев атты ата-ана кітапхана әкімшілігімен келісіп, экскурсияны дайындатып, фото-бейне түсірілімдерді қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар балаларға ерекше қуаныш сыйлаған бұл саяхат туралы республикалық «Балапан» арнасына сюжет дайындауға атсалысты. Кітапхана фойесінде әр оқушы еліміздің ұлы қазынасы – Тәуелсіздік хақында әсерлі жырларын оқып, рухани тағлым түйді. Шара соңында балалар шарларға өз тілектерін жазып, оларды топ болып аспанға ұшырды. «Балалар – елдің болшағы» деген елміз. Президент кітапханасына жасалған бұл саяхаттан оқушылар зор шабыт пен рухани білім алып қайтты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено