БІЗ "ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАМЕН" БІРГЕМІЗ!
09.02.2018
БІЗ "ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАМЕН" БІРГЕМІЗ!
Бүгін 9 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде Қазақстан еріктілері Альянсының атқарушы директоры Асыл Әкімжанқызы Оқапова, «Green Bridge&G-Global» қоғамдық қорының атқарушы директоры Сухоносенко Илья Александровичпен және сынып экологтары, көшбасшыларымен бірге брифинг өткізілді. Мектебімізде бастама тауып отырған "Қоқысты сұрыптап жинау" жобасы аясындағы бұл кездесу оқушылар үшін ерекше маңыздылығымен екшелді. Бүгінгі сынып экологтары - болашақ ел азаматтарының экология мәселесіне бей-жай қарамайтыны олардың қонақтарға қойған әрбір маңызды сұрақтарынан байқалып тұрды.
Туған елін сүйер, туған жеріне жанашыр жастарымыздың болашағы жарқын болсын дейміз!
Community discussions
Обсуждений не найдено
