«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында ата-аналармен коучинг өтті
09.02.2018
8 ақпан күні білім саласында 30 жылдан аса еңбек етіп жүрген мектебіміздің тәжірибелі ұстаздарының бірі Мара Жамбылқызы және мектебімізідің психологы Жулдыз Түзелқызы біріге отырып «Өнеге – отбасынан» атты ата-аналармен коучинг өткізді.
«Өнеге – отбасынан» тақырыбы аясында бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіне қатысты соның ішінде рухани адамгершілік қалпына қатысты күрделі мәселелер ата-аналар арасында талқыланып, өз шешімін тапқандай болды. Осы мәселелер төңірегінде тәжірибелі педагог Мара Жамбылқызы және өзінің қызмет саласында республикалық байқауларға қатысып таныла бастаған Жұлдыз Түзелқызы ата-аналарға нақты педагогикалық, психологиялық кеңестер берді.
Коучинг өте сәтті өтті. Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп тарасты.
Community discussions
Обсуждений не найдено
