Жылы жүрек-жомарт қол

08.02.2018

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Жақында ғана барлық интернет желілері арқылы тарап кеткен өртке оранған үйдің иелеріне мектеп ұжымы және сынып жетекшілер жұдырықтай жиналып, қол ұшын беріп келді. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші мектеп әкімшілігі бастаған топ мүшелерінен жиналған ақшалай қаржыны және азық-түліктер мен оқу-құрал жабдықтарын зардап шеккен отбасына табыстады.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға мектеп әкімшілігі, ұстаздармен қоса мұндағы әрбір оқушы да қол ұшын беруге әрқашан да дайын екендіктерін көрсетті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено