«Glance to the English world»интеллектуалдық сайыс

07.02.2018

1.02.2018 күні №58 мектеп-гимназиясындаағылшын тілі апталығының аясында №41, 61, 65, 58 мектептері арасында «Glance to the English world»интеллектуалдық сайысы өткізілді. Оқушылар ағылшын тілінен өз білімдерін жақсы көрсете білді. Мектеп оқушылары мен пән мұғалімдері жақсы әсер алғандарын өз пікірлерімен білдірді. Қатысқан топтар алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақытта осындай бірлескен іс-шараларды жиі өткізу жоспарға қойылды.

 

 

 2.02.2018 күні №58 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі апталығының аясында бастауыш және орта буын оқушылары арасында «Fairy tales world»ертегілер сайысы өткізілді. Оқушылар өз актерлік шеберліктерін көрсетіп ағылшын тілінде ертегілерді сомдады. Ертегілерді тамашалауға ата-аналар да белсене қатысты. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Сайыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталды.

  

 
 
18.01.2018 күні№58 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі апталығының аясында бастауыш сыныптары оқушылары арасында «I like sport»тақырыбында спорт сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген бейімділігін арттыру, ағылшын тілінде спортқа қатысты сөздерді ұғындыру. Іс-шара өте қызықты да тартысты өтті. Сайыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 

 
 
1.02.2018 күні 4-сыныптар арасында ағылшын тілі пәні бойынша «My hobby» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту. Оқушыларға тақырыпқа байланысты әр түрлі тапсырмалар берілді. Сайыс өз деңгейінде өтті.

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено