Қазақтың тұңғыш ғарышкерімен кездесу

24.01.2018

“Өркендеу” жобасын қолға алған “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Жас Отан” жастар қанаты, “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын РҚБ және Қоғамдық қор - “Алдаспан ” батырлар қорымен бірлесіп Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында “Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы ” атты кездесу өткізді.
         Шараға ғарышкер, ұшқыш Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.қ, ақын Серікзат Дүйсенғазин, “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Жас Отан” ЖҚ Орталық аппаратының Жастар жобалары бөлімінің меңгерушісі Айжан Мыңжасарқызы, Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын РҚБ-ның төрайымы Динара Тайбасарқызының орынбасары Александр Тен, Астана қалалық  “Жас Отан” ЖҚ төрағасы Мұхамеджан Болысбек, Қоғамдық қор - “Алдаспан ” батырлар қорының президенті Күлән Тұрысбекқызы, №51 мектеп-гимназиясының директоры Күнімхан Смағұлқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ғалия Қыдырбайқызы және Сара Інкәтқызы, №51 мектеп-гимназиясының “Жас Ұлан” ұйымының тәлімгері Нәзікай Мұхамедәліқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Акакдемиялық кітапхананың қызметкері Шұғыла Ақылбекқызы қатысты.
         №51 мектеп-гимназиясының директоры Күнімхан Смағұлқызы жас ұрпақтың бойына отбасылық құндылықтарды сіңіріп, білімді, рухани бай ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуден “Өркендеу” жобасының рөлі зор екенін айта келіп, бүгінгі кездесудің жас ұрпаққа ерлік дәстүрін жалғастырудағы әсері ерекше екенін атап, Тұңғыш ғарышкер, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, Тоқтар Әубәкіровке сөз берді.
         Тоқтар Оңғарбайұлы залдағы ұстаздарды аналар мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, жұмыстарына табыс тіледі.
- Кей мектептерге барсаңыз қай тілде сөйлеріңізді білмейсіз. Сіздерде таза қазақ мектебі болғандықтан, қазақша сөйлейін. Айналайын балапандарым! Өзімнің басымнан өткенімді айтайын. Бәріміз бала болғанбыз, жалаң аяқ жүргенбіз. Колхозда тұрғанмын, 3 пайыз ғана қазақ болған. Орысша оқыдым, майшаммен оқып, классты текбеспен ғана бітірдім. Ешкім менімен теңесе алмады. Қазақ қаны бар балалар, біз қазақтар ешкімнен кем емеспіз, артық болмасақ. Қай жерде де осыны көрсетіп жүрдім. Сендер осыны ұғыңдар, ата-бабаларымыздың ерлік істерін үлгі қылып, ата-баба тәрбиесін алыңдар. Сіздер сұрақ қойдыңыздар, мен сол сұраққа жауап берейін. Осылай дұрыс болар.
         Сөйтіп, оқушылардың асыға күткені де осы екен, олар бірінен кейін бірі микрофонды алып сұрақтар қойды, енді біреулері көкірегің кернеген керемет толқу сезімдерін өлеңмен өрді.
- Ассалаумағалейкум, Ғарышкер ата! Мен “әу” деп өлең айтпасам да, өздеріңіздей тұлғаларды көргенде “беу, шіркін” деп байқамай жыр жазып қоятын әдетім бар. Қазір ғана туған, өзіңізге арналған арнауымды оқып берейін.
Ғарышта сізге бір Алла жар боп,
Жеңіп шықтыңыз ғарыштың қиынын да.
Сияқты көп мінезіңіз жақын маған
Жан сыры жүректегі жасырмаған.
Сіз аға тау болсаңыз егер,
Мен болайын бұрқырыған сарқырамаң.
Көп тілекті тілеген бабаларым,
Бұдан артық қандай сөз таба аламын!
Ізгілік тіліеймін мен жолыңызға
Ерлігің жалғастырған бабалардың!
(шапалақ)
-Рақмет балам! Әрдайым осындай шабыт келеберсін саған!
- Еліміз техникалық ғылымдардың дамуын қолдап отырғаны бәрімізге аян. Сіздің ойыңызша қазіргі таңда елімізде ғарыш әлемін бағындыратын заттар көптен жасалынуда ма? Осы орйда қандай кеңес бересіз?!
- Рақмет!Қазіргі кезде заңгерлер көбейіп кетті,экономисттер көбейіп кетті,бірақ бізде ғарышты игеру үшін мүмкіндіктер өте көп.Мен сол ғарышты игеру үшін машиналар жасап,бөлшектер жасайтын балаларды білемін, олар физика-математика бағытында көптеген олимпиадаларға қатысып, Мәскеудің төріне барып,жүлделі орындар алып жатады,мен оған қатты қуанамын.Біз өзіміздің зымыранымызды шығарайық деп жатырмыз.Міне сондай жетістіктердің бәріне өздеріңіздің білімдеріңізбен үлес қосушы сіздерсіздер!Сондықтан,қазірден бастап жақсылап оқыңыздар!Әсіресе инженерия саласын көбірек оқыңыздар деп кеңес бергім келеді. 
-Ғарыштан оралған кезіңізде қандай сезімде болдыңыз? Қайтадан ұшқыңыз келді ме? Қазақстанға аман есен оралғаннан кейін алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз?
-Рақмет! Әрине мен өз жұмысымды қимадым. Мәскеуде сынақшы ұшқыш жұмысымды ары қарай жалғастырайын деп едім, бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы айтты:   «міне тәуелсіздікті алдық,Құдайға шүкір өз мемлекетімізді құрып жатырмыз,өзіміздің армиямызды құрып жатырмыз,соған көмектес,сен әскери адамсың ғой,барлық аймақтан мықты-мықты әскери азаматтарды жан-жақтан жина,анау Шығыс, Қиыр Шығыс,барлық аймақтарға хат жаз»деді.
Қазіргі уақытта соның ішінен 4-5 мықты генерал шықты, олар менің шәкірттерім ,оларды өзім тәрбиеледім. Менің алға қойған мақсатым, осы мемлекетте ары қарай ғарыш саласын дамыту, соны Нұрсұлтан Әбішұлына барып айттым: «енді міне армияда үлкен-үлкен азаматтар бар,бірақ ғарыш саласын дамытатын,сол саланы менен басқа білетін ешкім жоқ, осы саланы маған беріңіз , мен құрайын! »
-дедім... Ол  кезде қаражат болмады. Төрт кісі, төрт доктор жиналды(соларға жұмыс берсем, жалақыны қайдан алып беремін деп ойладым.) Олар жарты жылдай жалақысыз жұмыс істеді,сондай қиын уақыт болды.Тәуба! Сол достығымыз күні бүгінге дейін жалғасты! Қазіргі таңда  біз үлкен ұжым болдық, мыңнан аса адам жұмыс істейді,жер серігінде жасап жатырмыз, оның ішінде зымыранды да өзіміз жасап жатырмыз. Ары қарай да бұл салада, біз артта қалмаймыз. Сіздер жақсы білім алсаңыздар, біз арта қалмаймыз!
- Немерелеріңізді  «ғарыш саласына барсын » деп бағыттап отырасыз ба?
- Менің кішкентай немерем бар. Ол  кішкентай кезінен
Самолетке қарады. Менің үйімнің төбесінен үнемі самолеттер ұшып өтеді. Немеремнің алғашқы жүрісі де,тұрысы да, сөйлеген сөзі де , алғашқы қимылдары да бәрі де самолетпен байланысты болды. Мен ішімнен  «тәуба!» деймін. «Ұшқыш боламын десек, әке, мен қарсы шықпаймын!», - деп келінім маған уәде берген, -«Қаншалықты қалыпты профессия болса да, бастысы сіздің жолыңызды жалғаса болды!»деді. Енді, сол немерем жолымды жалғайтын шығар деп үміттенемін. Ал үлкен немерем «астроном» боламын деп жүр.                
         –Сіздің ғарышқа деген қызығушылығыңызды тудырған кім?
-«Ғарышкер» боласың деген ойды маған Нұрсұлтан Әбішұлы салды. 15жасымда мен Юрий Гагарин ғарышқа ұшты деп естідім және қуанышымда шекк болмады. Ал менің  кішкентай күнімнен арманым «ұшқыш» болу сол арманымды мен ештеңеге сатпадым!  Мен Теміртау қаласында «токарь» болып жұмыс жасап жүргенде, бір күнгі өз нормамды 300 пайызға орындайтынмын, одан кем емес, содан мені облыстық партия комитетінің мүшелері, үлкен ағаларымыз «национальный кадр» деген болды олкезде, сол тізімге мені кіргізіп, Алматыдағы политехникалық институтқа ешқандай емтихансыз өткізді, ол кезде мен әлі 11 сыныпта кешкі мектепте оқып жүрдім... Мінекей,менің сол кішкентай күнімнен бергі арманым, сол арманда мен ешқашан сатпадым. Сол арманым үшін деп, мен ешқандай льготасыз, орыстардың арасына барып емтихан тапсырып оқуға түстім. Ал «ғарышкер» екенімді, мен әлгінде айтқандай, шаңғы теуіп жүргенде білдім.
-Қазір көптеген жастар сізге ұқсағысы келеді,сіз секілді ғарышқа ұшқысы келеді,сол жастарға сіз қандай ақыл-кеңес айта аласыз? Және өзіңіз тәрбиелеп жатқан шәкірттерәңіз бар ма?
-Рақмет! Өте орынды сұрақ! Қазір Астана, Қарағанды, Өскемен қалаларында ұшқыштар мектебі бар. Нұрсұлтан Әбішұлына хат жазып ашқан болтынбыз. Қазіргі таңда, осы Астана қаласында 100-ден астам ұшқыш балаларды өзіміз тәрбиеледік. Сөйтіп, мен біздің қаламыздың мектептеріндегі 10-шы сыныптардан бастап, оқушыларды шақырғанмын. Олар алдымен медициналық комиссиядан өтіп, содан кейін қыс бойы теорияны оқып, жазда ұшатын. Қазіргі уақытта бұл саланы әскери салаға қосып жіберді. Және де «ұшқыш болғым келеді» дейтін балаларға, ең алдымен білім керек. Білімсіз ештеңе өңбейді. Тек қана математика, физика емес, ғылымның барлық саласын меңгеру қажет. Бәрі де керек, тарихта керек. Тағыды бір айтарым, қазіргі кезде мектептерде мықты жабдықталған спортзалдар бар, болашағыңыз мықты болу керек; болашақ мықты болу үшін – мықты азамат болу керек!
Қыздарымыз да мықты болу керек! Сонда ғана біздің болашағымыз мықты болады !
... Сөйтіп, сұрақ қою кезегі маған да келді.
  • Сізді бүгін екінші рет көру бақыты бұйырып отыр. Мен Еуразия Ұлттық Университетінің 2-ші курс студентімін. Былтыр сіз бізге қонақа келгенсіз,сол кезде мен өз сұрақтарымды қойып үлгермей, көкейімде қалып кеткен болатын. Сізге сұрақтарымды қоюға рұқсат па екен?!
  • Рұқсат!
         - «Ұшқыш болу үшін сауатты болу керек»  дегенсіз. Сол жөнінде айтсаңыз.
    - Орыстардың арасында жүріп орыс тілін жақсы меңгердім,олакрдан да артық игердім. Матиканы да жақсы оқыдым. Техника ғылымдарының Докторы болдым. Мен оқыған өте үлкен математика кітабын қарасаңыздар, ішінде 1000-даған формула бар. Сонда мен барлық заттарымды шетке коя салып , тақтаға бормен жазып, «мына формула мынадан шығады» деп дәлелдедім. Олар маған таңғалды ... Николай Егорович Жуковский деген үлкен академия болған. Аэродинамик . Оның жазған формуласымен бүкіл дүниежүзілік ұшақтар ашады . Оның бітірлмей қалған үлкен формуласы бар. Соны мен компьютерлерді пайдалана отырып аяқтадым.
- Теміртаудағы жұмысқа орналасқаныңыз туралы айтыңызшы?
- Мен 15 жаста едім, шешемді асырау керек болды. Теміртауда екеуміз қалғанда, мен өзімді жігіт санап, милицияға барып отырып алдым, «мені жұмысқа алмайжатыр,маған паспорт беріңіз!» деп, содан кейін үлкен бастық келіп, маған қарап «мен таң қалып отырмын,біріншірет сендей адамды көріп тұрмын?! Мына жігіт менен паспорт сұрап отыр, жұмысқа орналасу үшін. Бәрі жұмыстан қашады, сен жұмыс істеймін дейсін. Бұл қалай?!» деді. «Мен жігітпін, шешемді асырауым керек»  дедім. Олар: «біз бере алмаймыз ғой , жасың 15-те» деді, «ендеше, мен осы жерде отырамын, бір жыл шықпаймын, сіздер бізді асырайсыздар!» - деді. «Жарайды, бұл жігіт бізден оңайлықпен кете қоймас, бұған паспортын берейік, не деп жазайық атыңды?!» деді, сол кезде мен атамның есімі ұмыт болмасын деп: «Аубокиров Токтар Онгарбаевич деп жазындар!» дедім. Міне, мен 70 жастамын, ал атамның есімі мәңгі менімен бірге.
- Сіз ғарышқа ұшатындығыңызды 1991 жылы қаңтар айында, шаңғы теуіп жүріп білген екенсіз, сол туралы бізге айтып берсеңіз?
- Балалардың демалысқа шыққан кезі, сол демалысты пайдаланып, үшеуміз (кішкентай 5 жасар балам да шаңғы тебеді, оған 3 жасынан бастап тау шаңғысын тебуді үйреткенмін) тау жатқан шаңғы теуіп жүргенде, біреу маған хабарласыпты. «Сізді телефонға шақырып жатыр» - деді кезекші. Ол кезде бүгінгідей қалталы телефондар жоқ, бір ғана телефон (кезекшіде). Сонымен барсам, телефоннан: «Неге бізден жасырасың? Ғарышқа ұшқалы жатыр екенсің, біз жаңа ғана теледидардан естідік?!» - дейді. – «Қалай мен жолдастарымнан жасырамын? Мен білмеймін?!» - дедім. Ертеңіне Үкімет үйіне бардым, сол кезде ғана мен Нұрсұлтан Әбішұлының аузынан естідім, «ғарышкер» болатыныма өзім де таң қалдым.
- Сіз «өмірдің мәні не?» дегенде, «сатқын болмау керек, Халықтың Ұлы болу керек» деген болатынсыз? Ендеше, «Халықтың Ұлы болу» қаншалықты жауакершілікті талап етеді?!
- Мен бұл ойдан ешқашан айныған емеспін! Әлі күнге дейін мен сатқын адамдарды жек көремін! Бір сөзде, бір ойда тұру керек! Өз ойыңды сатпауың керек! Жалтақтамауың керек! Шындықтан өмірі тайынбау керек! Шындықты айтқан кісілер, ақыры өзінің биік орнына жетеді. Өтірікшілер ештеңеге де жете алмайды, бір кезде тайғанап құлайды. Мен халықтың алдында жай кісі емеспін, оны мен түсінемін, бұл шынымен де жауапкершілік, неге десеңіз, халық сені тыңдайды, көпшілік тыңдайды, көпшілік құлағдар болады, сен бір күні былай айтсаң, екінші күні басқаша айтсаң, олар «мына кісі алжыған екен» демей ме?! Сондықтан мен әр кез бір айтқан сөзімде тұрамын! Бүгінге дейін мен өмірі ешкімнен қорыққан жоқпын, ешкімге жалтақтаған да жоқпын!
         Тоқтар Әубәкірұлына қойылған сұрақтар аяқталғаннан кейін, «Өркендеу» жобасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында «Шешендік өнер» үйірмесін сауап үшін тегін жүргізіп үйретуші ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к., ақын Серікзат Мақсұтұлы сөз сөйлеп, аналарды мерекесімен құттықтап, Тәуелсіздікті нығайту үшін шәкірттерді көркем мінезді болуға, біліммен қарулануға шақырды.
         Жоба үйлестірушісі Күлән Тұрысбекқызы жас ұрпақтың бойына отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Өркендеу» жобасының бағыттары туралы айтып берді:
  1. Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту үшін әр сыныпта «Өркендеу» ұлттық тәрбие клубын ашу. «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» бойынша алты жетекші сайлау.
  2. Аталған тәрбие мектептері арқылы салт-дәстүрлерді дәріптеп үйрету. Жас ұрпаққа өнерімен, білімімен көмектесіп, ұлттық тәрбие беру. Ұлттық киімдерді насихаттау, үлгі ету, дамыту.
«Ата мектебі», «Әже мектебі» бойынша өнерлі,білімді зейнеткер ата-әжелердің көмегімен өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында әлепті етіп тәрбиелеу үшін рухани, ғылыми, тарихи, әдеби кітаптар оқыту; өнер мен білім үйретіп, ұрпақ тазалығы үшін жеті атасын білгізу. Олардың ішінде батырларының ерлігін, билерінің әділдігін,байларыцның жомарттығын,қайырымдылық өнегелерін «Алдаспан» журналы арқылы насихакттау.
«Ана мектебі» бойыцнша аналардың қызын ашық-шашық жүрмеуге, берекңелі отбасын құруға, келін болып түскен жерінде, шаңырақ ұйытқысы болуға, отбасы мен қоғам ынтымағын қатар сақтауға бала кезінен дайындау;имандылыққа баулу. Жобаныц жузеге асыру үшін кәсіпкер ата-аналарды асарға(комекке) тартуі.
«Жеңге мектебі» бойынша жеңгесі қайын сіңілісімен сырлас дос болып, өмірлік қосағын айқындауға пайдалы кеңестер беру.
«Аға мектебі»бойыншак үздік үздік оқитын белсенді студенттер жақсы оқитын жоғары сынып оқушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік етуі. Сондай-ақ,үздік оқитын,белсенді «Жас ұлан» ұйымының мүшесі үлгерімі төмен оқушылардыңүй тапсырмаларые орындауына көмектесу. Тәлімгердәң осы үдерістерді бақылауы.
  1. Ұстаздардың мәртебесін көтеру. Мұғалім мен оқушы арасындағы үйлесімге, түсінстікке, дәстүр
 мен педагогтік құзырыт туғызу.
  1. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Мұны білім жүйесімен ғана шектемей, тұрмыспен өмірдің аясында кең пайдалану.
  2. Кітап оқу клубын ұйымдастыру. Басылымдар мен БАҚ өнімдерін жуйелі, тұрақты пайдалану мен материалдар бойынша ой бөлісуді үйлестіру.
  3. «Аға мектебі» бойынша үздік оқитын белсенді студенттердің жақсы оқитын жоғары сынып оқушыларын қазақ тілі, тарих, математика бағыттарында «Өкендеу» олимпиадаларына дайындалып республикалық, әлемдік олимпиадаларға қатыстыруы.
  4. Біліммен, көркем мінезімен, шешендік өнерімен жарысқа түсетін оқушыларға «Өркендеу» сайысын ұйымдастыру, теледидардан үлгі ретінде көрсету. (Дінмұхаммед Қонаев пен Тоқтар Әубәкіров атындағы екі топқа бөліп жарыстыру. Бір партадағы екі окушы сайысады, әр қатар бойынша сайысады) Сыныпаралық, мектепішілік, қалааралық сайыстың жеңімпаздарын анықтап, марапаттау. «Өркендеу» тәрбие клубының алты Жетекшілері, Ұланбасылары, Сынып президенттері оқулықтың кез келген бетін ашып, сыныптағы оқушының білімін тексереді. Іріктелінгендер (үш көрсеткішімен лайықболса) жаңалық ашқыш «Өркендеу» жас ғалымдар орталығына қабылданады. Дипломдармен марапатталады.
Ұлттық тәрбиені негізге алып, отбасылық құндылықтарды жас ұрпақты бойына қалыптастыруға бағытталған «Өркендеу» жобасын жузеге асыру үшін асарлатып, бірлесіп сауап ретінде келешек ұрпаққа көмектесуге шақырамыз,- деп сөзін аяқтады Күлән Тұрысбекқызы.
«Жас Отан» ЖҚ Орталықт аппаратының Жастар жобалары бөлімнің меңгерушісі Айжан Мыңжасарқызы бүгінгі заманның Қазақ батыры Тоқтар Оңғарбайұлына «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының атынан «Алғыс хат» тапсырды. «Өркендеу»жобасын жүзеге асыру жолында сауап үшін үлес қосып жүрген №51 мектеп-гимназия ұстаздарына «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының грамоталарын тапсырды.      Қазақша таза сөйлейтін Александр Тен Қазақтың тұңғыш ғарышкеріне «Жас ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы»РҚБ­­-ның атынан «Алғыс хат»тапсырды.Күлән Тұрысбекқызы қасиетті кітап Құранды сыйлады.Оқушыларға«Алдаспан»журналын тартты.
Кеш мерекелік концертпен жалғасты.


 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено