«Жүректен жүрекке» акциясы

02.02.2018

Оқушылар мектепішілік өзін-өзі тану пәні апталығы мен қалалық «Қамқорлық» акциясы тұспа-тұс келіп, қос шара дүбірлі өтіп жатқанына риза болып, мейірімді болу бақыт екенін  тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақпан айының ызғарлы күндерін журек жылуымен шуақтандыру мақсатында «Жақсылық жасауға асығайық!» атты қайырымдылық пункты ашылып, балалар өздерінің ізгі ниеттерін танытып, аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға арнап оқу құралдары мен ойыншықтар тарту етуде. Сонымен қатар оқушылар мектеп ата-аналары мен жұмысшыларын және өздерінің сүйікті ұстаздарын мейірімге бөледі. «Жүректен жүрекке» атты акция аясында  бастауыш сынып оқушылары ата-аналарына арнап өз қолдарынан жүрек формасындағы ашық хаттарды сыйласа, орта және жоғарғы буын оқушылары сүйікті ұстаздарына және мектептің барлық қызметкерлеріне арнап жүрек формалы ашық хаттарын қуана сыйлады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено