"ДАМУ" қоғамдастығының жаңалықтарынан

02.02.2018

Бүгін Райымбек батыр атындағы 50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінде серіктес мектептер (45, 50, 51, 53) "Оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер: теориядан тәжірибеге" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда жаңа мазмұнды білім беру бойынша 2, 5, 7-сыныптарда бірнеше ашық сабақтар беріліп, мектептегі жаңа жобалардың жүзеге асу барысы көрсетілді.

"Мен оқығанды ұнатамын" жобасы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылып, туған жерге деген сүйіспеншілік, патриотизм тақырыбы қызу талқыға түсті. Руxани жаңғыру бағдарламасының орындалуы көрініс тапқан конференция өз мақсатына жетті. Радиоәуесқойлық үйірмесінің жұмысы да қалыс қалмады. Үйірмеге қатысушы оқушылар Морзе әліппесі бойынша білімдерін көрсетті. "Салауатты бейсенбі" жобасымен бастауыш сынып оқушылары дене қимылдарын жасады. 

5,7-сынып оқушыларының қолөнер бұйымдары көрме төрінен орын алды. Өз қолдарымен жасалған машина, трактор, ракета сияқты теxника түрлерін оқушылар пульт арқылы іске қосып көрсетті. Сондай-ақ робот теxникасын да меңгерген оқушылар өнерлерін келушілерге ұсынды.  

Білім басқармасынан, Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығынан әдіскерлер және Педагогикалық шеберлік орталығынан жаттықтырушылар, серіктес мектептердің басшылары мен ұстаздары қатысқан семинарда кластер жұмысы мақсатына жетті.

Оқушылардың алған білімдерін қолдана алу дағдылары, дәйекті ой-пікірлері ұстаздардың жаңаша оқытудағы жетістіктерінің дәлелі деуге болады.

                                                                                         
       

      

         

      

           
      

       

      

        
       
         



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено