Құттықтаймыз!

27.12.2017

Астана қаласы №29 орта мектебінде биыл үшінші  жыл менталды арифметика курсы жұмыс істейді. Оқушылар жетістіктері де аз емес. Жыл сайын қала, республика көлемінде өтетін сайыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.Желтоқсанның 18-інде Астана қаласында өткен республикалық  сайыс қорытындысында 3 «А» сынып оқушысы Баркаева Амина 1-орын, 4 «А» сынып оқушысы Баркаев Кайрат 3-орынды иеленді. Оқушылар арнайы дипломдармен және медаль, жүлделі сыйлықтармен марапатталды. Баркаева Тахмина, Алпысбай Арман, Рамазан Нұрәли, Молдояров Мухамед,т.б. сертификат иеленді. Құттықтаймыз!

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено