«Әкем, шешем және мен»

27.12.2017

3-4 сыныптар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.А.Соловьева және бастауыш сынып мұғалімдері С.Ж.Абдиганиева, Қ.Е.Жикишева, Г.А.Палуха, С.А.Минасян, Е.В.Балтинаның ұйымдастыруымен «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайыс болып өтті. Сайыстың 8 кезеңінде ата-аналар өз отбасымен әр кезеңді ептілікпен, шапшаңдықпен, ұйымшылдықпен, көңілді әрі шебер орындап шықты. Әр отбасының балаларының сыныптас достары жанкүйер болып, қолпаштап отырды.

  Нәтижесінде:

 І орынды 4 «Ә» сынып оқушысы Ж. Тұрғынбек  және оның отбасы;

ІІ орынды 4 «Ғ» сынып оқушысы А. Сакенқызы және оның отбасы;

                  4 «А» сынып оқушысы А.Выродова және оның отбасы;

ІІІ орынды 3 «Б» сынып оқушысы А.Алхарбек және оның отбасы;

                   3 «В» сынып оқушысы Т.Степанов жіне оның отбасы жеңіп алды.

Әр отбасының спорттық өнерін тамашалаған көрермендер де, қатысушылар да көңілді қайтты. Мектептің іс-шараларына алтын уақыттарын бөліп, ат салысқандары үшін ата-аналарға алғысымызды айтамыз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено