Мұғалімдер күні құрметіне өткізілген Өзін-өзі басқару күні

03.10.2017

Зерде мектебінде Мұғалімдер күні құрметіне өткізілген Өзін-өзі басқару күні ерекше мазмұндылығымен ерекшеленді. Мұғалім ролінде болған оқушылар даяр тұрған мұғалім дерсің. Сабақтардың әр деталіне дейін ойластырылған, сауатты жоспары құрылған. Сүйсіндірген шәкірттер болашақтарыңнан үлкен үміт күтеміз. Бір күндік емес, көп жылдық еңбектің нәтижесі деп бағаладық.
                                               
                                                        
     Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!

                



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено