«Тілтанымның алғашқы сабақтары»
06.12.2017
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Бекжан Әбдуәлиұлы 29.11.2017 жылы Астана қаласы №48 мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларына «Тілтанымның алғашқы сабақтары» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының мектептегі филиалының бекітілген жоспарына сәйкес өткізілді.
Дәріс мазмұнында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы тіл білімінің қазіргі мәселелері сөз етіліп, тілдің қолданбалы бағытта дамуына қоғамның әр мүшесі үлес қоса алатынын жан-жақты баяндады. Мысалы, қарапайым ғана үйден мектепке дейінгі аралықта айналаңдағы атауларға көз салу. Оның жазылуы мен безендірілуінде кеткен қате-кемшіліктерді анықтай жүру. Мүмкіндігінше арнайы қадағалайтын орындарға ескерту. Бұл бағытта Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының жұмыс істейтінін ескеру керектігіне тоқталды. Туған қаламыздың көркемдігі мен мәдениеттілігіне бәріміз жауаптымыз, көп болып кіріскенде ғана осы алға қойған мақсаттарымызға жете аламыз. Айналаға көз салу – туған қалаңды тану, туған тіліңнің ахуалын тану оны қорғаудың және өзіңді-өзің танудың бір жолы. Көргендерің мен түйгендеріңді мәселе ретінде баспасөз бетінде көтеруге, түрлі тіл конкурстарына қатысуға және ғылымға айналдырып, жоба ретінде ұсынуға болады. Біздің алдымызда жеке өмірімізді гүлдендіре отырып, әрі қоғамымыздың дамуына үлес қосу үшін үшін атқарылуы тиіс көптеген міндеттер тұр. Осыған бәріміз бірлесіп атсалсайық деп сөзін аяқтады Бекжан Әбдуәлиұлы.
Дәріс соңында «Рухан жаңғыру», тілдің болашағы және басқа да түрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, Б.Әбдуәлиұлы олардың барлығына жауап берді.

Community discussions
Обсуждений не найдено
