«Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында әдеби – музыкалық кеш
01.12.2017
30 қараша күні №3 мектеп – гимназиясында 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне және Астана қаласының 20 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сыздықова С.С, Макишева З.М. және тарих пәні мұғалімі Алатаева А.К. басшылығымен «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында әдеби – музыкалық кеш өтті. Кеш барысында Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері ақтарылды. Ақтабан болып шұбырып, Алқакөл болып сұлаған заманнан бастап, «Бесеуге» хат жазғызған Голощекин тұсындағы Қазақ зиялыларының кешкен нәубеті, 1941 – 1945 жылдарғы адамзат қолымен жасалған қастандық, 1986 жылдың желтоқсанында «мұзға жағылған алау» қасіреті - бүгінгі күнге жетер жолдың қаншалықты ауыр болғанын еске салып қана қоймай, қымбат екенін тағы бір мәрте сездіргендей.
Кеш жоғары деңгейде өтті. 












Community discussions
Обсуждений не найдено