«Табиғатты қорғау – болашақты ойлау»

30.09.2017

 

Өмірлік маңызды тіршілік  көзі  ретінде табиғатқа деген  ізгілікті қарым-қатынас  мәдениетін  дамыту мақсатында «Астана – таза қала!»  атты  абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткізілді.  Экологиялық айлық аясындағы жалпықалалық сенбілікке мектеп ұжымы және оқушылар белсенді қатысты. Табиғатты қорғауға байланысты нақыл сөздер жазылған  лозунг, банер қолданылды және сенбіліктің ашылу салтанаты жүргізілді. Экологиялық айлықты және жалпықалалық сенбілікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында бекітілген мектепшілік «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» қабырға газеттерінің жеңімпаздарын марапаттау өтті. Сенбілікте мектеп ғимаратының сыртқы территориясына тазалық, гүл отырғызылған гүлзарларды,  газон  шөптердің  арасын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено