Қараша айының 17 күні І тоқсанының қорытындысына арналған салтанатты саптүзеу өтті.

17.11.2017

Қараша  айының  17 күні І тоқсанының қорытындысына арналған салтанатты саптүзеу өтті.
"Рухани жаңғыру" бағдарлама аясында Елбасының  бүгінгі ұрпаққа артқан аманатын ту етіп, Елімізді білім, ғылым, өнер жолында әлем көгіне паш ететін оқушыларымыз біздің арамызда да жетерлік.
Саптүзеуде мектепішілік олимпиадалар, қалалық, республикалық байқаулар мен сайыстарда жүлделі орын алған оқушыларымыз марапатталды.
Марапаттау рәсімін мектеп директоры Камила Кәрімбердіқызы мен  директордың бейіндік істері жөніндегі орынбасары Гүлзия Қалиқызы өткізді.
І тоқсан қорытындысы бойынша сыныптар арасында жүлделі сыныпты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Мұхтарқызы жариялады.

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено