№84 мектеп-лицейінің 4-сыныптары арасында сыныпішілік «Күз ханшайымы» сайысы өткізілді

13.10.2017

Қыз балаларды көркемдікке баулып, танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыта отырып көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс шараға 4-сынып оқушылары белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар тапқырлыққа құрылған тапсырмаларды орындап, би билеп, ән салды.  Сонымен қатар өнерлі аруларымыз ерекше үлгідегі өз қолдарымен жасаған  күз бейнесін сипаттайтын арнайы көйлектерін  жарнамалап, жаңа қырыннан көрінді. «Күз ханшайымын» таңдауда сыныптағы ер балалардың ата-аналары атсалысып, сыныптың барлық ата-аналары мен оқушылары жұмыла қатысты. Бұл оқушылардың дамуына, бір-бірімен жақсы қатынаста болуына, сонымен қатар сынып жетекші мен ата-аналардың бір-бірімен тығыз байланыста болуына зор ықпал етті.

    



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено