Шығармашылық кеш

08.11.2017

2017 жылдың 8-қарашасында мектеп кітапханасында  10«Б» және 11«А» сынып оқушыларының  қатысуымен Марина Цветаеваның 125 жылдығына арналған шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Р.Б.Кусниева мен мектеп кітапханашысы -  Т.О.Кутубаева аталмұш шараны жақсы ұйымдастырып, кітапхана ішін тақырыпқа сай безендіріп, қонақтарды жан-дүниені тебірентерлік өлеңдер оқу арқылы таңдандыра білді.

Іс шара автордың өмірі мен шығармашылығын еске түсіру мақсатында өткізілді. Автордың шығармалары тыңдалып, шағын бейнефильм мен презентация дайындап оқушылар қонақтарға жеткізе білді.   Кеш М.Цветаеваның сөзіне жазылған әндерді гитарамен шырқап, естеліктерін оқумен аяқталды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено