Тіл туралы заң ақпараттық күні
10.11.2017
Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» КММ Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2018 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында қазан айында І курс студенттері арасында «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» жөнінде ақпараттық күн кураторлық сағаттарын өткізуді жоспарлады. Мұнда әр топ кураторлары өз тобында Қазақстан Республикасындағы Тілдер Заңын қолдану мен жүзеге асыру шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтсақ, ПМр-1-51 тобында «Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» кураторы: О.П. Намакова, СДк-1-48 тобында «Тіл туралы заң» кураторы Д.К. Қожахметов, Шк-1-50 тобында «Қазақстан Республикасының Тіл Туралы Заңы» Өндірістік оқыту шебері: М.Ж. Габдуллина, Тр-1-49 тобында «Изучаем закон о языках» кураторы: Р.С. Мейрембаева. Бұл ақпараттық күнін өткізу барысында студенттер Қазақстан Республикасының Заңы туралы толық әрі жан-жақты мәліметтер алды. Үштілділік саясаты туралы да мәліметтер берілді.
Колледжде тілдерді дамыту мен қолдану шараларын жүзеге асыруға жауапты: Т.Б. Еменова
Community discussions
Обсуждений не найдено
