Түлектер тобының кездесуі
12.10.2017
2017 жылдың 12 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «№6 гимназия» КММ-де түлектер тобы Ә.Жақсыбеков, С.Жақсыбеков, А.Сухоцкий, Н.Тихонюк, С.Фомичев, М.Чирков қонақта болып қайтты. Олар болашақ 2018 жылдың түлектерімен кездесіп, мектепке заманауи жаңа мехатрондық оқу құрал-жабдығын сыйлады.
Мехатроника - қазіргі таңда электронды-есептегіш техниканың дамуын анықтайтын, яғни интеллектуалды машина жасауға басымдық беретін сала. Ол өзіне механика, микропроцессорлық техника, информатика, электроника және машиналар мен агрегатты қозғалтуды компьютермен басқару ісін біріктіреді. Астанадағы №6 гимназияға орнатылған жабдық пневматиканың негізгі принциптерін, ауаның ерекшелігін, ал физикалық негіздегі көлемін, қысымын, күшін, сондай-ақ заманауи деңгейде механизмдерді бағдарламалаудың негізін де үйреніп, зерттеуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында №6 гимназия мен Астана қалалық Политехникалық колледжі арасында мехатроника бойынша оқитындар арасында жарыстар мен олимпиадаларға қатысу, оқушыларды кәсіби бағытқа даярлауды жүргізудегі әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Community discussions
Обсуждений не найдено
