Мұғалімдер күніне арналған концерт
28.09.2017
28 қыркүйек күні гимназияда Мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілді. Концертке гимназия мұғалімдері, гимназияның ардагер мұғалімдері шақырылды. Концерттік бағдарлама ЕХРО – 2017 көрмесі стилінде ұйымдастырылды. «Жаратылыстану-математикалық цикл». «Қоғамдық-гуманитарлық цикл», «Эстетикалық цикл», «Әкімшілік» павильондары болды. Барлық қонақтар ең кішкентай қатысушылар, бірінші сынып оқушыларының нөмірін сүйіспеншілікпен қабылдады. Концерттен кейін №6 гимназия директоры Т.К. Крылова, барлығын Мұғалімдер күнімен құттықтап, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары А.С.Евстафьеваға білім Министрлігінің Грамотасын табыстады. НҰР ОТАН партиясына К.Ю.Гайдт және А.Б.Тоқпаева қабылданып, гимназияның 20 мұғалімі партияның алғыс хаттарымен марапатталды. Үздік ӘБ аталды: дене шынықтыру мен АӘД мұғалімдерінің ӘБ, математика және эстетикалық цикл мұғалімдерінің ӘБ.
Community discussions
Обсуждений не найдено
