№54 мектеп-лицей Президентін ұлықтау
19.10.2017
Бүгінгі таңда мектепте оқушылардың жан-жақты дамуын, жеке тұлғалық ерекшеліктерінің артуын жүзеге асыруда «өзін-өзі басқару» ұйымының маңызы зор. Өткен аптаның жұмасында мектебімізде ұйымның президент сайлауы өткенін хабарлаған болатынбыз.
19.10.2017 күні көпшіліктің таңдауымен сайланған мектеп президентін ұлықтау рәсімі болып өтті. Рәсімде мектеп-лицей директоры Г.К.Амрина сөз сөйлеп, көшбасшы оқушыларды құттықтады, еліміздің әлем елдерінің алдында абыройын асқақтатын жалынды жастарына күллі қазақ елі үлкен сенім артатынын, сол жолдағы алғашқы баспалдақ осы екенін айтып өтті. Мектеп президенті мен министрлер құрамына өз қолынан куәліктерін табыстап, сәттілік тіледі.
Мектеп президенті Жақан Әлихан тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі мен мектебіміздің мәртебесін әрдайым биік ұстауда адал қызмет ететіні жөнінде салтанатты түрде ант етті.
Бұл іс-шара оқушылардың мемлекетіміздің саяси өміріне араласуына, өзіндік үлесін қосуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге «Өзін-өзі басқару» ұйымы азаматтық ұстанымға, болашаққа сеніммен адымдауға, бірлесіп жұмыс істеуге, мемлекет заңын құрметтеп, жүзеге асыруға мол мүмкіншілік береді. Жаңадан сайланған құрам А84 жобасы бойынша жұмыстарын бастап та кетті. Бұл жоба Астанадағы барлық мектептердің оқушыларын біріктіру мақсатымен қолға алынып отыр. Енді қала оқушылары тікелей танысып, пікір алмасып, жаңалықтарымен бөлісе алады. Ендеше, көшбасшыларымыз биік белестерді бағындырсын деп тілейміз!
Community discussions
Обсуждений не найдено
